Меню KDT

Виджет не найден

II ОБЛЫСТЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27.09.2021
Просмотров: 27
2021 жылғы 13 қыркүйекте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 8-11 сынып оқушылары арасында II облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық қашықтық кезеңі өткізілді. Мектебіміздің 11а сынып оқушысы Мағауия Аружанды 3дәрежелі диплом алуымен құттықтаймыз. Мұғалімдері: Б. Шамшарив., К. М. Камалиева
Толығырақ >>

«ЗЕРДЕ» ҒЫЛЫМИ ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

24.09.2021
Просмотров: 36
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» жоба және зерттеу жұмыстары  конкурсы  қалалық кезеңінің қорытындысы   өткізілді.  Конкурс 2021 жылғы 13 - 22 қыркүйек аралығында онлайн  тәртібінде өтті. Мектебіміздің оқушыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз. 4а Тлеу Айзере 2орын, мұғалімі-А. Зарихан.  5а сынып оқушысы Болатов Әнуар 1 орын, мұғалімі-А. Б. Закарьянова., 7а сынып оқушысы Оспанова Аружан 1 орын, мұғалімі-Ж. Хавдыл. Облыстық кезеңде табыс тілейміз.
Толығырақ >>

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 6 «А,Б» СЫНЫПТАРЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

21.09.2021
Просмотров: 20
Оған спорт жүлдегерлері қатысты.Сынып сағаты ерекше көңіл күймен басталды.Шара барысында тәуелсіздіктің ең басты тақырыптары қозғалып, ел болашағы жастар екендігі туралы сөз қозғалды.Қонақтарымызға оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Закареев Даурен Қуандыкович - 23 жасқа дейін ҚР чемпионы "Жас барыс" қазақша күрестен қола жүлдегері. Аюпова Милана Тагировна- Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2020 жылы 2002-2003 және 2004-2005 жылғы қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының чемпионы. Қазақстан Республикасының жасөспірімдер
Толығырақ >>

"ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА STEM БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН БОЛАШАҒЫ"

17.09.2021
Просмотров: 17
Мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сыздыкова Айнур Алтынсариновна АҚШ елшілігімен және Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп ұйымдастырылған "Павлодар облысында STEM білім беруді дамытудың озық тәжірибесі мен болашағы" атты конференцияда тәжірибесімен бөлісті.
Толығырақ >>

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІНІҢ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «СӨЗ ӘЛЕМІНДЕ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ.

16.09.2021
Просмотров: 19
16 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне арналған «Сөз әлемінде» атты шара өтті. Мақсаты: орыс тіліне деген оқушылардың қызығушылығын ояту. 4 «В» сынып оқушылары белсенді қатысты. Балаларға сөздік қорын байыту және орыс тілінде сөйлеу тапсырмаларын орындау ұнады. Мұғалім: Жұмашева С.А
Толығырақ >>

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

15.09.2021
Просмотров: 22
Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында 2021 жылдың 15 қыркүйегінде педагогтармен кездесу өткізілді. Конференция барысында Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Толығырақ >>

7-11 СЫНЫПТАРЫНДА "МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ" АТТЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ.

09.09.2021
Просмотров: 20
2021 жылы 9-шы қыркүйек күні 7-11 сыныптарда "Мәшһүр Жүсіптің әділдік философиясы" атты адалдық сағаты өткізілді. Бабамыздың әділдік философиясына сүйене отырып, оқушылар бойында адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру мақсатында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Толығырақ >>

«ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ» СЫНЫП САҒАТЫ

08.09.2021
Просмотров: 18
Мектебіміздің  оқушылары арасында  «Отбасы - бақыт мекені» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа баулу.
Толығырақ >>

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА» ӨТТІ

07.09.2021
Просмотров: 28
Отбасы күніне орай дене шынықтыру мұғалімдерімен ұйымдастырылған. «Отбасылық эстафета» өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Эстафетаға 6 отбасы қатысты. Балалармен қоса ата-аналар да өте белсенді қатысты. Қатысушыларға жүлделі орындар , номинациялар және тәтті сыйлықтар берілді.
Толығырақ >>

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда185
  • Осы аптада81
  • Кеше5
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки