№ |
Үйірме атауы: |
Күні: |
Жетекшісі: |
1 |
«Сыңғырлаған күй» |
Сәрсенбі: 13:30-15:30 |
Нуралинова Галия Ргебаевна 87471631630 |
2 |
Жұма: 13:30-15:30
|
Домбыра- ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ән айту - өнері арқылы қазақ халқының рухани жан дүниесі бейнеленген.
Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 5- 9 сыныптардың оқушылары тартылды. Үйірменің балаларға берері көп.
Үйірменің мақсаты:Оқушыларға домбыра аспабын ойнау шеберлігін кәсіби дұрыс меңгерту, қазақ халқының ұлы күйшілерінің өнерлерімен танысу. Домбырада қолданылатын штрихтар, әдістерді меңгерту.
Үйірменің міндеті:Оқушыларды қазақ халқының тіліне, салт-дәстүріне, тарихына, мәдениетіне рухани қасиеттеріне құрмет сезімін ояту. Халқына деген құрмет және мәдени мұраларын қастерлеуге бағыттау.