Меню KDT

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

04.12.2021
Просмотров: 26
Мектебіміз Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай “Қайырымды істер марафоны” жалпыұлттық жобасының аясында ұйымдастырылған “Ең мейірімді” байқауының “Ең мейірімді мектеп” номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Толығырақ >>

«ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАҢҒЫРЫҒЫ» АТТЫ КӨРМЕ

02.12.2021
Просмотров: 17
9 Б, 10 Б сынып оқушылары орталық мұрағаттың ұйымдастыруымен  «Желтоқсан тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрмені тамашалады. Көрменің мақсаты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, оның негізгі қайраткерлері, соның ішінде Павлодар өңірінен қатысқан өрімдей жастардың тағдыры туралы баяндау.
Толығырақ >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

02.12.2021
Просмотров: 17
5-6 сынып аралығында өткен пән олимпипдасының қалалық кезеңінде 3дәрежелі дипломмен марапатталған оқушыларды құттықтаймыз. Математика пәнінен Балмағамбет Гаухартас және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Мамаржанова Дильназ. Мұғалімдері: Г.С.Оспан., Г.Е.Капезова
Толығырақ >>

«ЖАС ҰЛАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ

02.12.2021
Просмотров: 24
2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  Павлодар қаласының №7 ЖОББМ-де «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымының қатарына  5-сынып оқушылары арасынан белсенділер, оқу озаттары, олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарынан  35 оқушы қабылданды.       Іс-шараға мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі М.Д.Мусабекова, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысты. Барлық оқушылар патриот болуға, туған жерін құрметтеуге және сүюге ант берді.
Толығырақ >>

БҮГІН 24-ҚАРАША КҮНІ 4 «А» СЫНЫБЫНДА «ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН-ЕЛБАСЫ!» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ.

24.11.2021
Просмотров: 21
Сынып  сағатының мақсаты: Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен таныстыру;  Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу.
Толығырақ >>

7 Б СЫНЫБЫНДА "ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН ЕЛБАСЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ.

24.11.2021
Просмотров: 23
Мақсаты: Қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік,құрмет сезімін қалыптастыру. Оқушылар өте белсенді қатысты, Елбасына арнап өлең шығарды.
Толығырақ >>

Блог директора

Послание Президента

Опрос

Статистика

  • Осы айда185
  • Осы аптада81
  • Кеше5
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки